loader image

Біз туралы

Директордың студенттерге арналған үндеуі

Алматыда 27 жылдан бері , оқушылар мен мектеп түлектері еркелетіп ШП-шка деп айтатын – Кәсіпкерлер мектебі жұмыс істеп келеді.

Кәсіпкерлер мектебінде 21 ғасырда табысты адам болу үшін білім алу, осы дүниедегі  жылдам өзгерістерге парасатты көзқараспен қарау, қызметтің барлық салаларында белсенді тұлға болу, әр нәрсеге үлгеру керек екенін жақсы біледі. Біздің мектепте жақсы оқу маңызды  және тиімді, өйткені тоқсанның соңында үздік оқитын оқушылар  шәкіртақы алады. Мектепте оқушылардың Ғылыми Қоғамы жұмыс істейді. Жыл сайын  ғылыми-практикалық конференция өтеді. Конференцияда оқушылар жобаларын қорғайды – бұл зияткерлік  пен шығармашылық еркіндіктің тамаша мерекесі. Жарқын жобалардың авторлары қалалық және  республикалық конференцияларға, олимпиадаларға және оқушыларға арналған түрлі ғылыми жарыстарға қатысады. Жыл сайын ғылыммен айналысатын оқушылар көбейіп келеді.

Мектеп – бұл балалық пен жастық шақ, достық, ой еркіндігі, бала мен үлкендердің арасындағы сыйластық, ынтымақтастық, өзара көмек және мектеп қабырғасында  үйренетін мейірімді істер. Бұл үшін  Кәсіпкерлер мектебінде көптеген дәстүрлі тәрбиелік іс-шаралар бар. Онда сіз өзіңіздің  қабілеттеріңізді көрсете аласыз, көңілді қарым-қатынасқа, өзара сыйластыққа,  сұлулықты бағалауға үйренесіз.

Кәсіпкерлер мектебінде оқу, өсу, достар табу, болашаққа жоспар құру және осы жоспарлар жүзеге асыруылы –  осының барлығы  қызықты. Сіз әрқашан да дана және жоғары кәсіби мұғалімдердің көмегі мен қолдауына сенесіз.

Құрметпен, Кәсіпкерлер мектебінің директоры Ольга Константиновна Бурабаева және пікірлестер ұжымы: оқытушылар мен қызметкерлер.

Біздің тарих

Қазақстан Республикасының заңнамасына және Құрылтайшылар кеңесінің шешіміне сәйкес 1997 жылы 30 қаңтарда Алматы қаласында  «Кәсіпкерлер мектебі»  құрылды.

Мектебіміз 1991 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен ашылған Кәсіпкерлік тәжірибелік мектебінің оқу үрдісінің жалғасы болып табылады.         

2021 жылы біз қос мерейтойды атап өттік: Кәсіпкерлер мектебінің құрылғанына 25 жыл, біздің сүйікті ШП және Кәсіпкерлік эксперименталды мектебін құру идеясының 30 жылдығы.

КӘСІПКЕРЛЕР МЕКТЕБІ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Кәсіпкерлер мектебінің оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі принципі Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандартында көзделген көлемде жалпы білім беретін пәндердің және экономикалық оқытуды қамтамасыз ететін арнайы пәндердің бірыңғай кешенін заманауи әлемдік стандарттар деңгейінде құру болып табылады. 

Мектеп концепциясының ең маңызды құрамдас бөлігі бүкіл оқу-тәрбие процесінің қосарланған бағыты болып табылады:

  • жоғары оқу орындарында үздіксіз білім алуға дайындық;
  • заманауи бизнес құрылымдарында орта буын мамандары ретінде практикалық қызметке дайындау.

Негізгі қызметі – білім беру қызметтерін көрсету, атап айтқанда, балаларды 1-11 сыныптар аралығындағы  оқыту.

Оқу жоспарының құрылымында Мемлекет стандартынан  басқа мыналар ерекшеленген:

  • кәсіпкерліктің құқықтық негіздері;
  • экономикалық білім негіздері;
  • қолданбалы экономика;
  • экономикадағы математикалық әдістер.

Кәсіпкерлер мектебінде:

  • 5-6 жастағы балаларға арналған жексенбілік мектеп;
  • әртүрлі бағыттағы үйірмелер.

Сыныптағы оқушылардың максималды саны:

  • Бастауыш мектепте – 18 адамға дейін;
  • Орта деңгейде – 20 адамға дейін;
  • Жоғарғы сыныпта– 25 адамға дейін.

Мектепке түсу үшін психологиялық-педагогикалық тестілеуден, жеке әңгімелесуден өтіп, математикадан және орыс тілінен тестті сәтті шешу керек.